Биыл батырлығымен есте қалған азаматтар

Қайсарлығымен есімі тарихта қалған азамат көп. Сондай асылдың сынығындай болған ерлеріміз бүгінде де жанымызда жүр. Оның ішінде 8 қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған сәбиді құтқарған Сәбиттің әрекеті, өз басын қауіпке тігіп, тілсіз жаудан 2 жанды арашалап, өзі ажал құшқан Асқар Забикулиннің батырлығы -бір төбе. Ал достарын судан құтқарған небәрі 8 жастағы Дінмұхамедтың батылдығы-- тіпті ерлік. Биылғы жыл есте қалған ерлеріміздің ерлігі туралы келесі бейнематериалда. Бұл кадрларды көпшілік әлі күнге ұмыта қойған жоқ. Астана қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлайын деп тұрған бүлдіршін бүгінде дін аман. Періштесі қаққан 3 жастағы Айзерені қызылордалық Сәбит Шонтақпаев аман алып қалған еді. Оның ерлігі туралы тіпті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Елімізде де лайықты сый-құрмет көрсетілді. Қазір Сәбит Бас қалада бала-шағасымен бақытты күн кешуде. Алайда, еңбекпен шыңдалып, қарапайымдылығын жоғалтпаған азамат өзінің әрекетін батырлық деп санамайды. Дегенмен, 11 маусым -ол үшін ұмытылмас күн. Сәбит ШОНТАҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Нәрестенің шырылдап мамалап айқайлап жатқан жан дауысы, әрбір адамның жүрегін елжіретпей қоймайды. Өз баламдай көрдім да оны. Сонымен тұра жүгірдік қой. Санаулы уақыттар сияқты болып тұрды да бәрі. Кәзір бір құлап кетсе, бәрі бітіп қалатын сияқты. Не болса да соны құлатпай аман есен алып қалдық қой Алланың қалауымен. Жанқиярлықпен көз жұмған Асқар Забикулин мәңгі ел есінде. Ол 3 жанды тілсіз жаудан арашалау үшін қызыл жалынмен арпалысты. Алайда денесінің 80 процентін күйік шалып, ауруханада көз жұмды. Бейбіт күннің батырын ұлықтау үшін, оның атына көше берілді. Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Асқар Забикулин Президент Жарлығымен I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Назымхан ТҰРСЫН, АСТАНА ҚАЛАСЫ №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құтқару жүмыстарында бірге болдық. 2 адамды шығарғаннан кейін, 170 көрші пәтерде бір баланың бар екені хабарлама түсті. Сол балаға көмектесемін деп қайта кіргенде, сол баланы шығарып содан кейін өзі больницаға түсті. Назарәлі СЕЛІМОВ, «АСТАНА қ. ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ: Өзі батыр жігіт қой. Жасаған ерлігін көріп жатырсыздар. Қалай адамдарды өз өмірін қатерге тігін, екі адамды қалай құтқарды. Ал Атырауда «Жас батыр» тұрады. Өзі кішкентай болғанымен, жасаған ерлігі - орасан. Дінмұхаммед Жаңбырбай 14 және 9 жастағы екі досын судан аман алып шықты. Ойнап жүрген балалар мұздың қалай ойылып кеткенін де түсінбей қалған. Ептілік танытқан Дінмұхаммед достарына көмек қолын созған. Дінмұхаммед ЖАҢБЫРБАЙ, 3-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Өмірді құтқарғаным үшін өзім де таңқалдым. Мен өзім қуанышты сезімдемін. Достарыма қарапайым адам боламын. Ал халыққа өзімнің адал батыр екенімді сезінемін. Ата-анам маған достарыңа көмектес ешқашан оны қасыңнан тастама. Өзіңнің досыңды адал дос екеніне сенімді бол деп айтатын. Дінмұхамед «Жылдың жас патриоты» атанды. Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» медалін кеудесіне тақты. Қазақтың қайсар ұлдары барда еліміздің болашағы жарқын, мерейі үстем болмақ. М. Тоқтасынқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Бүгін танымал кинорежиссер Ақан Сатаевтың туған күні
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр