Биыл БҚО-дағы жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балалар да тынығады

Биыл жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балалардың да демалуына жағдай жасалмақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Облыс аумағында 575 лагерь жұмыс істейді, 101 мыңнан астам бала тынығады. Енді мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың ұландары да қамтылады. Бұл ретте лагерьлерден танымдық сипаттағы үйірмелер ашып, жеткіншектерге барынша қолайлы жағдай жасалуы керек дейді партиялықтар.Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Демалыс орындарының тек қана мектептің жанынан үйірмелер тек стационар сияқты келіп-кету ол аз деп ойлаймыз. Сонымен бірге ол демалу ғана емес сауығуға да әсер етіп, көңілін көтеріп басқаша әсер етіп, атмосфера болуы керек қой негізі. Осыны қадағалайтын боламыз және соны жүзеге асыруға күш-жігерімізді саламыз деп айтамын.AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес бес жылдың ішінде аула клубтарының жұмысын жолға қойып, мыңдаған нысанды тексерді. Ал «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандардан жас отбасыларды қолдау орталықтары ашылған. Сонымен қатар балаларға психологиялық көмек көрсету ісі ілгерілеп, мектеп оқушыларына көрсетілетін зорлық-зомбылық 38% төмендеген. Бүгін құрамы қайта жаңарған кеңес енді қайта бейімдеу орталықтарын жандандыруға күш салмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды