Биыл денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бөлінген

Биыл 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске қосылған. Өлім-жітім азайып, дәрі-дәрмекпен қамту 2 есе өскен. Жалпы салаға бюджеттен 2,5 трлн теңге бөлінді. Бұл қаржыға тағы қандай мәселелер шешілді? Медицинадағы өзгерістер туралы тілшіміз баяндайды. Елде жыл басынан бері 90 медициналық нысан салынды. 80 мекеме жөндеуден өтіп, 4 көпсалалы аудандық аурухананың жөндеу жұмысы басталды. Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды. Ал алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млннан аса науқасты қабылдады. 8 миллион тұрғынға жедел жәрдем көмек көрсетті. 360 мың нәресте дүниеге келді. 1 млннан аса адамға қымбат диагностикалық қызмет көрсетілді. 2,6 млн ауыл тұрғыны профилактикалық тексеруден өтті. Шалғай ауылдағы 50 мың тұрғын медициналық пойыз қызметімен қамтылды. 688 мыңына қашықтықтан қызмет көрсетілді. Ал өлім-жітім көрсеткіші 5,7 процентке төмендеді. Дәрі-дәрмекпен қамту 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Нәтижесінде 3,9 млн науқасқа қажетті дәрі берілді. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Былтырға қарағанда нәресте өлімі азайып, 10 пайызға төмендеді. Ана өлімі 24 пайызға төмендеді.Сонымен қатар барлық емханада бұрын біздің азаматтарымызға қолжетімсіз болған қызметтер, компьютерлік томография, пет сияқты қызметтердің миллионнан аса түрін көрсетті. Биыл денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бөлінген. Амбулаториялық шығын көлем 56 процентке өсті. Ал медициналық оңалтуды қаржыландыру 13 есеге артқан. Дәлірек, 2019 жылғы 6 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 78 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері 514 медициналық техника сатып алынған. Оған 58 млрд теңге бөлінді. Сөйтіп денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтау былтырмен салыстырғанда 2,5 процентке ұлғайды. Дәрігер санын көбейту үшін республикалық бюджеттен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді. Жергілікті билік қаражаты есебінен 16 мың маман біліктілігін арттырды. Биыл бұл мамандықты 7 мыңға жуық түлек аяқтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ең жоғары жалақысы бар жұмыстар белгілі болды
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Оқушыларымыз IJSO халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
726 мың теңгеден басталады: еңбек биржасында жалақысы жоғары мамандықтар аталды
Ең жоғары жалақысы бар жұмыстар белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды