Биыл екі айда 92 мыңнан астам әйел жұмысқа орналасты

Өткен жылы елімізде 30 мыңға жуық қыз-келіншек алғаш рет жұмысқа тұрған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елімізде жұмыс істейтін 4,3 млн әйел бар. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 48% құрайды. Әйелдердің 35% сауда және қызмет көрсету саласында, 32% білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14% өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9% астамы ауыл шаруашылығында еңбек етіп жатыр. Өңірлерде де әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамту бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, былтыр 536 мың әйел адам жұмысқа орналастырылды. Ал биыл екі айда 92 мыңнан астам әйел жұмысқа тұрды», – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында. Сондай-ақ, министр жас әйелдерді мемлекеттік субсидия есебінен жұмысқа орналастыру жоғары қарқынмен іске асып жатқанын айтты. Оның мәліметінше, өткен жылы 30 мыңға жуық әйел алғаш рет жұмысқа орналасқан. «Мемлекеттік қолдау бойынша тағы бір маңызды шара қыз-келіншектерге өз ісін ашуға жағдай жасау. Өткен жылы 80 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік негіздері курсынан өтті. Оның қорытындысы бойынша 13 мыңға жуық әйел грант алды. Оның 58% тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтар сатып алды. Ал 31% мал сатып алды», – дейді ведомство басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық шахматшылар рекорд орнатты
Екі дос демалысқа бірге ұшқан: Ұшақ апатынан қаза тапқан маңғыстаулық мұнайшылар кімдер?
108 адамды сан соқтырған несие рәсімдеушілер құрықталды
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды