Биыл елдегі су шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін тексеруге ғана 653 млн теңге жұмсалады. Премьер-Министр Әлихан самйылов сенатдепутаттарының сауалына берген жауабында осындай дерек келтірген.«Су шаруашылық жүйелері мен имараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі бойынша 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан нысанның меншік иесі немесе пайдаланып отырған тұлға жыл сайын беріктігі мен снімділігіне көпфакторлы тексеру жүргізіп отыруға тиісті. Бұл жерде ол нысанның жағдайы жақсы немесе жаман екені, күрделі немесе қарапайым есепке алынбайды. Жыл сайын бір рет тексеріліп тұру керек», - деп түсіндіреді Үкімет басшысы.Ал қолданысқа берілгеніне 25 жыл толмаған нысандар 5 жылда бір рет осындай тексеруден өткізіледі. «2023 жылы гидротехникалық имараттардың жағдайын анықтап, қауіпсіздің деңгейін бағалау үшін республикалық бюджеттен 653 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы су шаруашылығы жүйелері мен имараттардың қауіпсіздігін тексеру үшін 28 млн теңге бағытталады», - деп жазады Әлихан Смайылов.