Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді

Қазақстанда қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метрден астам тұрын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша Алматы қатарынан екінші ай көш бастады: +102,2%. Сондай-ақ алғашқы үштікке Маңғыстау облысы (+80,7%) мен Шымкент (+61,5%) қалалары енді. Бұл ретте 20 өңірдің үшеуінде, яғни СҚО (-28,1%), Ұлытау облысы (-25,7%) және Астанада (-0,1%) тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы байқалады. Биыл екі айда ғана 4 568 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді. Оның 178-і – көпқабатты үйлер, 4374-і – жеке үйлер және 16 жатақхана. Пәтерлер ең көп пайдалануға берілген өңірлердің бестігі: Астана – 5 074; Алматы – 4 463; Алматы облысы – 1 430; Ақмола облысы – 1 184; Маңғыстау облысы – 1077. Жыл басынан бері 18 902 пәтер пайдалануға берілді (өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп). Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысының нақты құны 370 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,1 пайызға көп. Қаражаттың үштен бірі, яғни 103 миллиард теңгеге жуығы Алматыдағы тұрғын үй құрылысына жұмсалды. Қазақстан бойынша құрылыстың нақты құны 1 шаршы метрге 172,3 мың теңгені құрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды
Депутат мұғалімдердің проблемасын қайта көтерді
Каспий теңізін құтқаруға бағытталған жаһандық қозғалыстың тұсауы кесілді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстады
Комиссия Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босатуды ұсынды
Елордада қысқы сырғанау маусымы ашылды
Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады