Биыл еліміздің шығысы мен солтүстік облыстарда жылу маусымы ерте басталуы мүмкін

Еліміздің кейбір өңірлерінде жылу маусымына дайындық мардымсыз. Жезқазған Жылу орталығындағы №4 қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталмаған, ал №9 қазандықта жұмыстардың небәры 4 пайызы ғана орындалған. Премьер-министр Әлихан Смайылов өңір әкімдері мен Энергетика министрлігіне күнделікті мониторинг жасауды тапсырды. Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты солтүстік және шығыс өңірлерде жылу маусымы жылдағыдан ерте басталуы мүмкін. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізілуде. Сонымен қатар, жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеу керек. Естеріңізде болса, Екібастұз қаласында былтыр қақаған қыстың ортасында апат болып, халық жылусыз қалды. Биыл сондай олқылықты болдырмас үшін жан-жақты жұмыстар атқарылды. Маңғыстау облысы, Ақтау, Жезқазған қалалары ерекше бақылауға алынған. Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Ақтау қаласындағы жағдай алаңдатады, нақты айтқанда МАЭК бойынша мәселе әлі де бар. Теміртаудағы №2 жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр. Екібастұзда жылыту маусымына дайындық аяқталып қалды. Онда биыл мәселе туындамайды деп ойлаймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Пластиктен сабын жасауға болады
Жазасын жеңілдету үшін 10 млн теңге пара беруге итермелеген
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды