Биыл Қазақстанда ішкі туристердің саны 9 млн-ға дейін жетуі мүмкін

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен кеңесте туристік маусымға дайындық және курорттық аймақтарды дамытудың проблемалық мәселелері талқыланды.Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, пандемиядан кейін елдегі туризм саласы қалпына келді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға артып, 8,6 млн-ға жетті. Биыл ел ішінде демалуға шешім қабылдаған қазақстандықтардың саны 9 млн адамға жетуі мүмкін деп болжануда. ҚР Мәдениет және спорт министрінің деректеріне сай еліміздегі қонақүйлер саны 4 мыңға жуықтады. Олар бір уақытта 203 мыңнан астам демалушыны қабылдай алады. Туризм саланың дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелердің бірі – жолдардың сапасы. Кеңесте Алматы – Өскемен, Астана – Балқаш – Алматы, Қызылорда – Жезқазған автожолдарын жөндеуді тезірек аяқтау қажеттігі айтылды, бұл осы өңірлердің курорттық аймақтарына туристерді көбірек тартуға мүмкіндік береді. Алакөлдің әуе қатынасы бойынша қолжетімділігін арттыру үшін рейстердің жиілігін көбейтіп, тасымалдауға неғұрлым кең әуе кемелерін тарту тапсырылды. Бұл шаралар ұшақпен саяхаттайтын қазақстандықтардың санын едәуір арттыруы мүмкін. «Республикада туристерді қызықтыратын көптеген әдемі орындар бар. Мемлекет басшысының ерекше назарын, сондай-ақ халық пен бизнестен түсетін мәселелерді ескере отырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту, инвестицияларды ұлғайту қажет. Туризм саласының әлеуеті зор. Оның дамуы жаңа жұмыс орындарын ашады және бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады», — деді Алтай Көлгінов. Премьер-министрдің орынбасары барлық теміржол бағытын сапалы жылжымалы құраммен қамтамасыз етуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұңғыш инженердің үйі
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды