Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл. Осыған орай Астанада ардагерлер бас қосты. Олар алдымен "Отан ана" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, замандас достарын еске алды. Адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстың бірі 1979 жылы басталып, он жылға созылды. 22 мың қазақстандық Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтеді. Мыңға жуық жауынгер сол соғыста көз жұмды. Жиырма шақты адам із-түзсіз жоғалды. Жиналғандар қаза тапқан замандастарын еске алып, естеліктерімен, ерліктерімен бөлісті. Есіләм УАХИТОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Мен өзім 18 жасымда 1979 жылы ауданнан 4 азамат кеттік. Соның біреуі 80 жылы сол елде қаза болып 20 жылы 11 мамырда елге қайтты. Қалған үшеуміз екеуі Алматыда, мен осындамын. Қазір Астанада 1200-ден астам ауған соғысының ардагері тұрады. Ғани АРТЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ӨКІЛІ, ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК: Ауған соғысына қатысқан ардагерлеріміз әрине ол азаматтарымыз кезінде отанның тапсырмасы бойынша отан бұйрығын бұлжытпай орындап абыроймен әскери қызметтерін атқарған аға ұрпақ болып есептеледі. Барлық өңірде, барлық облыс орталықтарында осындай іс-шаралар өткізілуде. Соғысқа ерлермен қатар аруларымыз да аттанған. Солардың бірі -Бахыт Қалиева. Ол қолыңа қару алмаса да, күн-түн демей жаралы сарбаздарды емдеді. Қазір жетпістен асқан батыр ана немере, шөбере бағып үйде отырмын дейді. Бахыт ҚАЛИЕВА, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Жас болдық, патриот болдық. Ештеңеден қорыққан жоқпыз. Ауғанстанға кірген адамның бәрі ерлік көрсетті. Мен хиругичский сестра болдым. Сондықтан мені хиругияға жіберді. Пулихумри деген таулы жақта яғни дұшпан шығатын жерлерде. Үлкен хиругичский операциялар болды. Ерлеріміздің еңбегі ақталды. Ардагерлердің бәріне бірдей медаль табысталды. Нуридин БАҒЛАНҰЛЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Арнайы бізге медальді арнайы беріп жатқан үкіметімізге, бізді шектетіп қалдырмай қызметімізді дұрыс бағалады деп есептеймін. Мерекелік шара соңы концертке ұласты. Өнерпаздар ән мен би билеп сахнаның көркін ашты. Жиналғандар қимастықпен тарқасты.