Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам көпқабатты үй тапсырылады – Жеңіс Қасымбек

Биыл Астанада 30-дан астам «сақалды» құрылыс аяқталады. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алмақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ұзақ құрылыстарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Осыған дейін 150-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешенінің ішінде 120-сының құрылысы аяқталған болатын. Биыл 30-дан астам «сақалды» құрылысты аяқтаймыз. Оның әрқайсысының жағдайы әртүрлі. Мысалы, «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешені 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Бұл үйдің блоктарының бір бөлігі бірнеше қабатқа ғана көтерілген болса, кейбір блоктарында жұмыс тіпті басталмаған да еді. «Арыстан блок 1» кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған, ал «Хазар» тұрғын үй кешенінің құрылысы үш қабат деңгейінде тоқтатылған. Мұндай мысалдар жеткілікті. Бірақ әрбір ұзақ құрылыс бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар», – деді Жеңіс Қасымбек.Сондай-ақ, шаһар басшысы құрылыс компаниялары заңнамада көзделген нақты талаптарға сәйкес келген кезде ғана үлескерлер қаражатын қабылдай алатынын атап өтті. Атап айтсақ, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын тартуға болады. Сондай-ақ, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы