"Биыл лизингке техника алатын шаруалардың алғашқы жарнасын мемлекет субсидияламақ",- О.Бектенов

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған. Сондықтан лизингке техника алатын шаруалардың алғашқы жарнасын мемлекет субсидияламақ. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты. Осы арқылы шаруалар өздерінің айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік алады,- деді ол. Үкімет басшысы көктемгі егіс науқаны бойынша тағы қандай тапсырма берді? Жауапты ведмоства биыл мақта мен бидай алқабын неге қысқартпақ? Толығырақ алдағы сюжетте. Ел бойынша көктемгі дала жұмыстары мамырда басталады. Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ол үшін жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Қажетті тұқым қоры бар. Әрі шаруаларға 150 мың тоннадай тыңайтқыш жолданды, - деді министр. Фермерлер дизель отынынан да тарықпауы тиіс. Өйткені энергетика министрлігі қажетті қорды арзандатылған бағамен бөледі деп отыр. Оның литрі - 250 теңге болып бекітілген. Ведмоства басшысы биыл қызылша мен күнбағыс көбірек егіледі деді. Осы арқылы ол әлеуметтік маңызы бар дақылдарды ұлғайтпақ екен. Есесіне бидай мен мақта алқаптары қысқартылады. Айдарбек САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайту және оларды 1,2 млн гектарға дейін жеткізу керек. Бұдан басқа, қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 12 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр, тиісінше, биыл қант қызылшасының ауданы 25 мың гектарға жетеді Министр осылайша суды көп талап ететін алқаптарды азайтып, су тапшылығы бойынша проблеманың да алдын алмақ көрінеді. Бірақ мұнымен мәселе шешілмесі анық. Себебі ауылшаруашылығы саласында проблема шаш етектен. Егістік алқаптарынан бөлек, шаруалар техникаға да жарымай отыр. Сондықтан өнімділікті арттыру дихандарға оңай соқпай тұр. Александр БОРОДИН, «ЗУЕВКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Ауыл шаруашылық техникалары тозып тұр. Ал өнімділікті арттыру үшін техника паркін жаңартуымыз қажет. Техникаға төмен пайызбен несие берілу керек. Мен азғана уақыт Америкада оқыдым. Ол жақта 12 жылға процентсіз несие беріледі. Ал біздің елде жағдай мүлдем басқа.Көптеген фермердің кепілге қоятын мүлкі жоқ. Сондықтан техника-паркін жаңарта алмай жүр. Аталған мәселені шешу үшін үкімет басшысы, ауыл шаруашылығына қажетті техниканы алу үшін алғашқы жарнаны субсидиялауды тапсырды. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15% жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс. Бұл шаруаларға өздерінің айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді.Үкімет басшысы субсидиялау мәселесінде кешіктірмеуді тапсырды. Себебі фермерлердің өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық статистика бюросына әкімдіктермен бірлесіп, егіс алқаптарына қатысты нақты статистиканы шығаруды тапсырды. Себебі, егіншілердің арасында суды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын әдейі азайтып көрсету фактілері жиі кездеседі деді. Ол су тапшылығына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды одан сайын қиындатып отығанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
Артём Черединов «Жеңіс» сапынан кетті
Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атануы мүмкін  
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
"Төлемнен босатылған": Көлік министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді
Екі өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева
Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды
Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Абай болыңыздар!»: Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан