Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкіметтің мәліметінше, осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті. «Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері: Акушерлік және гинекология – 214 Анестезиология және реаниматология – 200 Неонатология – 119 Терапия – 115 Жалпы хирургия – 98 Неврология – 92 Психиатрия – 88 Оториноларингология – 83 Кардиология – 78 Офтальмология – 66 Жұқпалы аурулар – 63 Травматология-ортопедия – 62 Эндокринология – 55 Қалғандары – 1167». - деп жазды ведомстводан.