Биыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етіледі

Биыл саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етіледі. Бұл туралы Президентке Алматыдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі айтты. Қазір мамандар құжаттарды қалпына келтіріп, цифрландыру жұмыстарымен айналысуда.Президенттің Жарлығымен осыдан үш жыл бұрын саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылған болатын. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған. Қазір тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері Алашорда ісіне қатысты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, ХХ ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН МАТЕРИАЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Орталықта 20 адам қызмет жасауда. Жалпы, алғашқыда орталыққа 162.000 іс қабылданады деп жоспарланған. Алайда, деректерді, мәліметтерді нақтылау барысында ол істердің 715.000 іс екені анықталды. Жалпы бұл құжаттардың ішінде, қылмыстық тергеу істерінің ішінде айыпталушылардың жеке істері де сақталып қалған. Суреттері, хаттары, күнделіктері. Сондай-ақ Президент Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты. Мемлекет басшысының бұл орталыққа ат басын тірегені саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Халқымыздың кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдерді қаламына тиек еткен жазушы Смағұл Елубай «бұл дата зор маңызға ие»,- дейді. Смағұл ЕЛУБАЙ, ЖАЗУШЫ: Осыдан 100 жыл бұрын сұраусыз кеткен, жоқтаусыз кеткен жарты халқымызды жалпы халық болып жоқтап жатырмыз. Осыны біз күткен болатынбыз. Архив материалдары 3 том болып, 5 том болып шықты. Қазір енді соның 7 томдығы шықты. Бұл -үлкен жұмыс. Аруақтардың алдында перзенттік парызымызды өтеп жатқанымызды көрсетеді. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының қорында 260 мың іс сақталған. Биыл жыл соңына дейін саяси қуғын сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді