Биыл ІТ саланың гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, биыл ІТ саланың 3 бағыттағы гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін.«Пәндер комбинациясы бойынша математика мен физика көш басында тұр. Өйткені техникалық мамандықтарға грант өте көп бөлініп отыр. Екінші орында «биология-химия» комбинациясы тұр. Бұл негізінен медициналық мамандықтарды таңдағандар. Сондай-ақ, үшінші орында шығармашылық комбинация таңдағандар тұр. Шығармашылық мамандыққа түсетінде ҰБТ-да екі пәннен ғана тест тапсырады. Ал өздерінің бейінді пәндерінен түсетін оқу орнында тест тапсырады. Биыл абитуриенттердің 10 пайызы «математика-информатика» комбинациясын таңдады. Бұл комбинация бұрын болмағанның өзінде 16 мыңдай талапкер таңдаған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Сондай-ақ, Руслан Емелбаев былтырғы статистикамен биылғы көрсеткіштерді салыстырды. «Былтыр 80 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат өткізген. Оның әр төртіншісі, яғни, 22 мыңы педагогикалық мамандыққа тапсырған. Ол кезде техникалық мамандықтар екінші орында болған. Үшінші орында ІТ сала, төртінші орында медицина болған. Математика-информатика комбинациясын таңдаған талапкерлер биыл үш бағыт бойынша ғана грантқа таласа алады. Ол - ақпарат технологиялары, ақпарат қауіпсіздігі және информатика пәнінің мұғалімі. 2023 жылға дейін талапкерлер ІТ салаға «математика-физика» комбинациясы бойынша тест тапсырып түсетін. Енді «математика-информатика» комбинациясын таңдаған 16 мың бала болашағын ІТ-саламен байланыстырып отыр деген сөз», - деді орталық директоры.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді