Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «2023 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» брифинг барысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі."Бакалавриатта оқитындар үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген", дейді Қуаныш Ерғалиев. Сондай-ақ, биылғы тестілеу форматында өзгерістер болмайды. "Үш міндетті және екі бейіндік пән, барлығы 120 тест тапсырмасы. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт сақталады",-деді ол.