Биыл тұңғыш Халық қаһарманы, бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Елордада «Тумысы бөлек тұлға» атты іс-шара өтті. Конференция барысында көрнекті қолбасшының 100 жылдығына арналған фильм көрсетілді. Сондай-ақ жас буын батырдың ерлік істерімен танысып, әскери тарихи мұражайды тамашалады. Сағадат Нұрмағамбетовтың шәкірттері оның ерлігін насихаттау мақсатында ауқымды жұмыстарды қолға алу керек екенін атап өтті. Сондай-ақ батырдың тарихы, тұлғасы толық зерттеуді қажет ететінін еске салды. Лира НҰРМАҒАМБЕТОВА, БАТЫРДЫҢ НЕМЕРЕСІ:Бұл іс-шара Республика көлемінде атап өтілуде. Осы арқылы жас ұрпақ бойына отанға деген құрметтің қандай болуы керектігі дәріптеледі. Менің атам еліміздің тарихына батыр ретінде үлкен үлес қосты. Қазіргі таңда оның құрметіне ескеркіштер ашылып, мектепке есімі берілді. Оның ұрпағы ретінде бұл біз үшін үлкен құрмет. Абай ТАСБОЛАТОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ:Ештеңесін ұмытпайды – ау, анау соғысы уақытында рота командирі кім, оның аты-жөнін біз әлгі бірге бодық қой сол кездерде айтып жүретін. Ал енді қазіргі уақытының өзінде, қайтарның алдарында офицерлер-генералдар аты-жөндерін біліп, жағдайын біліп, үй-жағдайларын сұрап жүріп біліп жүретінді.