Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысына ат басын тіреді. Олар Кеңгір ауылындағы құс фабрикасының құрылыс жұмысымен танысты. Кәсіпорын партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр. Зауыт 30-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 1000 тонна ет пен 25 млн жұмыртқа өндіру жоспарлануда. Мәжілісмен Ерболат Сатыбалдин негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыратын осындай кәсіпорындарды партия алдағы уақытта да қолдайтынын атап өтті. Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Қазір құстың балапандарын әкелу жөнінде сұрақтар бар екен. Одан кейін жалпы мамандарды оқыту жөнінде, содан кейін жеммен қамтамасыз ету. Бұл 500 тоннадан әрі қарай шағын фабрикалар қатарына жатады. Сондықтан 500 - ден әрі қарай бұл әрбір шығарылған киллограммы 50 теңгеден субсидияға қарастыруға болады облыстық бюджеттен. Қазір сол жұмыстардың жүргізілуі тікелей партияның қадағалауында.