Биылдан бастап қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.Арнайы төлемді кемінде 7 жыл міндетті зейнетақы жарналарын төлеген 55 жастағы азаматтар ала алады. Қазір елімізде осы санатта 37 мың адам бар. Оларға қаңтардан бастап, ай сайын 208 мың теңге көлемінде төлем беріледі.