БЖЗҚ-дан ақша алмақ болған ақтөбеліктер 9 млн теңгеден астам шығынға батты

Ақтөбеде зейнетақы қорындағы жинақты алып беремін деп тұрғындарды алдаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Тергеушілердің айтуынша, ол зейнетақы қорындағы жинақ ақшаны алуға көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ақтөбе қаласының №2 соты алаяқтық бойынша айыпталған әйелге қатысты іс Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қаралды. Қалалық сот мәліметінше, 2023 жылдың қазан айында әйел Ақтөбе қаласында танысы З.-ға хабарласып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша қаражаттарын зейнет жасына және белгілеп көрсетілген ақша қаражатына жетпесе де, белгілі ақша қаражатын алып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтып, оған көрсеткен қызметі үшін ақы алатынын және алдын ала төлем ретінде 10 пайыз ақша қаражатын алатынын айтқан. "Сол уақытта жәбірленуші тек өзінің материалдық жағдайын жақсартуды қалап, әйелдің сөзіне сеніп, оның шын мәнінде зейнетақы қорындағы ақша қаражаттарын шешіп алу мүмкіндігін бар жоқтығын білместен, өзіне бұрын соңды таныс емес тағы бір адамға біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша қаражаттарын алып бере алатын таныстары бар екенін айтқан", - делінген сот хабарында. Жәбірленушінің танысы да сөзіне сеніп, өзінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 1 000 000 теңге ақша қаражатын шешіп алатын болып, екінші деңгейлі банктердің біріндегі есепшотына 100 000 теңге ақша қаражатын аударған. Осыдан соң, әйел хабарласып, 100 000 теңге ақша қаражатын алдын-ала ақысы ретінде алғанын айтқан. Дәл осындай алаяқтық жолымен әйел 17 эпизод бойынша жәбірленушілерге 9 млн теңгеден астам шығын келтірген. Айыпталушы кінәсін мойындап, тағылған айыппен толығымен келісетінін мәлімдеді. Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот сотталушының қылмыс жасағанына шын ниетпен өкінуін, кәмелет жасына толмаған балалары барын және оның жүктілігін ескерді. Қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, сот үкімімен Қылмыстық кодекстің әйелге 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талап арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
Диего Симеоне «Барселонаны» жеңгеннен кейін пікірін білдірді 
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты