БҚО 29 адам бруцеллезге шалдыққан

Батыс Қазақстан облысында бруцеллез ауруы жиілеген. Жыл басынан бері 29 адам қауіпті кеселге шалдыққан. Аурудың малдан жұғатынын айтқан мамандар ауылдағы ағайынға барынша сақ болуды ескертеді. Өйткені уақытылы емделмеген сырқат созылмалы дертке айналып, науқастың мүгедек болып қалуы да ықтимал. Өкініштісі, эпидахуал өзге өңірлерде де мәз емес. Тілшілер тарқатып айтады. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бүгінде бруцеллез облыс орталығы мен бес ауданда тіркелген. Бір қиыны аурудың белгісі бірден білінбейді. Сондықтан қызуы көтеріліп, буыны сырқырағанына мән бермегендердің ұзақ жүріп қалуы мүмкін. Ал уақытылы емделмей, асқынған дерт адамды мүгедек қылып тынады. Гүлмира КАЖУШЕВА, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Адамдардың қан сарысуын тексерген кезде бруцелла мелеценза қоздырғышы анықталып отыр. Біздің мамандармен, аудандық, қалалық мамандармен жаңағы ошаққа барып, ветеринарлық мамандармен бірігіп, ошақтарды тексеріп, онда анықталған 89 тұлғалар анықталды. Оның ішінде зейнеткерлер де бар, оқушылар да бар, кітапханашы, ауыл тұрғындары қарапайым. Мамандар сарыптың сиремеуін ауылдықтардың қарапайым тазалық шараларын сақтамауымен байланыстырады. Өйткені бұл ауру адамға малдан жұғады. Сондықтан қораға кірерде бөлек киім киіп, уақытылы ауыстырған да артық етпейді. Төрт түлікті жыл сайын тексертіп, төлінің өлі туғанын көрсе, мамандарға хабарлауы керек. Ал мал дәрігерінің рұқсатынсыз ет пен сүтті сатуға болмайды. Еркін КАРИН, ТІЛШІ:  Дегенмен мамандар өңірдегі эпидахуалды өткен жылдармен салыстырғанда қалыпты деп бағалайды. Аурудың алдын алудың жалғыз амалы вакцина екенін айтады. Жыл басынан бері 49 адам қызылша жұқтырған. Оның жартысынан астамы кішкентай балалар. Әрі дені екпе алмаған. Қазір ауруханада емделіп жатыр. Шымкент қаласында да қызылша көп тіркеліп жатыр деген ақпарат бар. Ол туралы әріптесім Айзада Төребекқызы айтсын. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шымкентте жыл басынан бері 2 386 адам қызылшаның алғашқы белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Соның 1 657-інің диагнозы зертханалық және клиникалық көрінісімен расталыпты. Санэпидемиологтардың мәліметінше, инфекция жұқтырғандардың 81 пайызы мұнда да -бала. Денесін бөртпе қаптағандардың 20 проценті -1 жасқа дейінгі сәбилер. Оларға вакцина тек 1 жастан бастап қана салынатынын ескерсек инфекция ересектерден жұғуы әбден мүмкін. Негізінен күз бен қыста өршитін дерт қаладағы 73 мектептің балаларынан анықталған. Алайда санэпидемиологтар алаңдауға негіз жок дейді. Жанаргүл ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  Ол мектептерде енді тығыз қатынаста болғаннан кейін бір-біріне жұғуы мүмкін. Бірақ бір-екі жағдаймен тіркеліп отыр. Топтық аурушаңдық тіркелген жоқ. Балалар бақшасында да жылдың басынан бері 400-ден аса бала ауырды. Санэпидемиологтардың дерегінше, қызылшамен ауырғандардың 13 пайызы ғана екпе қабылдағандар. Яғни инфекцияның кең таралуының бір себебін вакцинадан бас тартатындардың көбейіп кетуімен байланыстырады. Қоғам пікірі де дәл осы екпеге келгенде екіге жарылуда. Бірі құптаса, кейбірі түбегейлі қарсы. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ғалымдар зерттеп, сосын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мынандай егу жұмыстарын, шараларын жүргізу керек деп оны белгілеп те қойған. Оның бәрі зерттеу арқылы өткен. Оны біреу ойынан шығара салған жоқ, сондықтан егуді міндетті түде жасау керек. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Вакцина алдық. Қазір түпәй-түпәй ешқандай ауырған жоқ бала-шағам, аман-есен. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Айта кетейін, соңғы екі жылда мегаполисте қызылша ауруы тіркелмеген. Оның себебі пандемия кезінде көпшілік үйінен шықпай, оқшауланды. Тығыз қарым-қатынасты азайтты. Мамандар сондықтан бірінші кезекте екпе қабылдаған жөн дейді. Әрі қарай алматылық әріптесім Мөлдір Жақан жалғастырады. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Алматы қаласында да қызылша дертінің көбеюі мамандарды алаңдатып отыр. Наурыз айынан бері 1522 адам жұқтырған. Оның 1300-ге жуығы-бала. Ал Жетісу облысында сібір жарасының ошағы тіркелген қорымдар анықталды. Бір ғана Текелі қаласының аумағында тұрғын үйлерге жақын үш нысан табылды. Бұл жерде өткен ғасырдың 80-ші жылдарында сібір жарасынан ірі қара мал өлді деген ақпарат тіркелген. Дегенмен, тұрғындардың айтуынша, осы уақытта ешқандай мал да, адам да сырқаттанбаған. “Ал құзырлы органдар орынсыз мазалайды”,- дейді. Секербала ҚОШҚАРБАЕВА, ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ондай болса мен өзім де заинтересовонный ғой. Мал ұстап отырмын. Ондай бәле болатын болса? Жоқ, каждый раз келіп қанды ішеді. Жылына екі рет келді. Біресе санэпидстанцясы келеді, біресе акиматы келеді. Біресе тағы біреуі келеді. Ветеринария саласының мамандары бұл аймақтарда қауіп жоқ екенін жеткізді. Ержан ОМАРОВ, ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерде мал өлген. Бірақ мал көмілу болмаған. Сондықтан бұл жерде қауіп жоқ деп ойлаймын өзім. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Жетісу облысында сібір жарасын жұқтырған малды көметін арнайы 134 орын бар. Оның бесеуі талапқа сай емес. Оған Текелі қаласындағы үш орын да кіреді. Сақтықта қорлық жоқ. Шаһарда ешқандай қауіп болмаса да, тізімді қайта жаңарту үшін жергілікті билік тиісті шара қолданамыз деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді