БҚО-да 15 миллиард теңгенің 56 нысаны тапсырылмаған

Батыс Қазақстан облысында құны 15 миллиард теңгені құрайтын 56 нысан уақытылы тапсырылмаған. Яғни, өңірдегі әрбір төртінші құрылыс аяқсыз қалып отыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңесте айтылды. Өңірдегі олқылықтарды зерделеген жиын соңында ісіне салғырт әкімдерге сөгіс берілді.Жергілікті әкімдік дерегінше, құрылыстағы майлы жіліктің басы басқа облыстардың компанияларына бұйырған. Олар арзан баға ұсынып, тендерді жеңгенімен, техникасы тапшы, жұмысшылары жеткіліксіз. Осылайша аймақтағы әрбір төртінші нысан уақытылы салынбайды. Бүгінде өңірдегі мердігерлердің 70% - басқа облыстың өкілдері. Дидар СМАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2022-жылдағы нысандардың 25 пайызы уақытында берілмеген. Жалпы айтқанда басқа облыстарда осындай көрсеткіштер жоқ. Тиісті бақылау жоқ және сұрау жоқ. Уақытында жасамады ма, бірден сотқа беру керек. Жосықсыз мердігерлер тізімінде бір де бір мердігер кірген жоқ. Яғни, әкімшілік тарапынан тиісті шара қолданбады. Жүгенсіз мердігерді жазалауға әкімдіктің әлі жетпейді. Соттасайын десе - уақыттан ұтылады. Бірақ мемлекеттік қызметшілердің өздері де заңға бағынбай, 186 қылмыстық іс қозғалыпты. Енді мұны партия қатаң қадағалайды. Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекеттік органдар коррупцияға қарсы жұмыста формализмге жол бермеуі керек. Ол жөнінде де нақты- нақты тапсырмалар берілді. Осы арадағы партияның осы аппаратының қызметкерлері осыдан он күн бұрын осында келіп, бүкіл фактілердің бәрін анықтаған. Олар қай жерде болса да бұл мәселені бақылауда ұстайтын болады. Ал бұл - қалалық полиция бөлімі. "Қазақтелеком" ғимаратын жалға алған полицейлер пәтершінің күнін кешіп отыр. Ғимарат басқанікі болғасын, есік-терезесіне тор қоя алмайды. Ал алпауыт мекеме нысанды талапқа сай қылу түгілі, жөндеуге де асығар емес. Темір жолдың түйткілі депутаттардың есінде екен. Есігі ашылмайтын ескі вагондар жарты ғасыр бойы жолда жүр. Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: Уақыт орнында тұрып қалған сияқты. Тоқсаныншы жылдардың ортасында мен Алматы мен екі ортада студент болып жүрдім. Дәл сол кездегі көрініс. Қазір бұл вагондардың ешқайсысы мынау Россияның тіпті талаптарына сәйкес келмейді. Біз енді Ресейдің үстінен өтеміз, білесіздер. Сол кезде осы вагондарды өткізгені үшін үлкен-үлкен айыппұлдар салынады. Осы вагондарды біз Ресейде есептен шығарылған, өзінің мерзімі өткен вагондарды қып-қызыл ақшаға сатып алып отырмыз. Депутаттар осы жәйттерді зерделеп, арнайы мәселе қып көтеретінін жеткізді. Ал өзіне тиісті салаға салғырт қараған шенеуніктерге сөгіс берілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Солтүстік Қазақстанда жоғалған тұрғын аман табылды
Талғарға жаңа әкім сайланды: 16 желтоқсан 2024, 15:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!