БҚО-да ажиотаж: жұмыртқа бір адамға 10 данадан сатылып жатыр

Орал қаласында жұмыртқа дефициті туындады. Сауда орындарында өнімді бір қолға 10 данадан ғана сатып жатыр. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы хабарлады. Орал қаласы тұрғындарының айтуынша, тұрақтандыру қорындағы жұмыртқа шектеулі түрде сатылып жатыр. «Менің отбасым үлкен, төрт баламның үшеуі – жасөспірім. Яғни, азық-түлікті жиі аламын. Бірнеше аптадан бері сауда орнында бір қолға 10 дана жұмыртқадан ғана сатып жатыр. Міне, мен он шақты сатып алдым, ол бізге бір таңғы асқа ғана жетеді. Содан кейін қайтадан баруым керек. Мұндай шектеу қайдан келді? Тапшылықтың туындауына не себеп? Менің білуімше, біздің облыста екі ірі құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар ішкі нарықты жұмыртқаның қажетті мөлшерімен қамтамасыз ете алмай ма?» - деп Орал тұрғыны наразылығын білдірді. Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайға қанық. Ведомство бұл алыпсатарлық жағдайларын болдырмау үшін жасалғанын айтып отыр. «Ресейге жұмыртқаның көптеп экспортталып жатқандығы туралы бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Біздің кәсіпкерлер жұмыртқаны тек ішкі нарықта сатады. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз, оларға әкімшілік әдістермен тыйым салуға да құқығымыз жоқ. Біз, әрине, кәсіпкерлермен сөйлесетін боламыз», - деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері. Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, елімізде отандық құс фабрикалары халықты жұмыртқамен толық қамтамасыз ете алады. 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды