БҚО Бөрлі ауданында көліктен екі қап еліктің еті анықталды.ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 2 қараша күні сағат 20:20 кезінде Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта Toyota Hilux автокөлігін тоқтатқан. «Тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың 2 басы, терісі және аяқтары табылды», - делінген мәліметте. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған 2000 ж.т., 1983 ж.т., 1986 ж.т., 1977 ж.т. азаматтар бұл әрекеттерін аң аулауға шыққандарымен түсіндірді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.