Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты ауыл тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені иесіз жүрген бұралқы иттер қорадағы малды талап, қырып жатыр. Бұқараны басынған бұралқы иттер қой-ешкіні қойып, сиыр малына да шабатын болыпты. Ауылдықтардың айтуынша, тірілей таланып, терісі сыпырған мал союға да келмейді әрі ауру жұқтырамыз ба деп қорқып отыр. Жергілікті халық қорасын қымтап, күзетті күшейткенімен, мектепке баратын балаларын уайымдайды. Бақытжан ШӘКІРАТ, ВОЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кілең нән иттер, овчарка ғой енді. Баспақтың санын жұлып тастаған. Ал енді адам болса не болады? Соған енді итті кішкене ату керек. Атпай тұр ғой ешкім. Бұл балаларға шапса, балаларды сразу жеп қояды ғой. Қазір енді кішкене азын-шоғын малдарымыз бар. Соларды сыртқа шығарсақ, ит қуып кетеді. Ал ауыл әкімі елді дүрліктірген бұралқы иттер екенін айтады. Түз тағысына айналған хайуандарды аулау жұмыстары уақытылы жүргізілгенімен, мәселе әлі шешілер емес. Мәлік СЕЙІТОВ, ТРЕКИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Біздерге мына саяжайлар жақын, жаз мезгілінде күшіктерді алып келеді де, ол шіп кеткеннен кейін қалады. Содан ол иттер ауылға келеді. Енді бұл жұмысты біз ветстансамен әрдайым жұмыстанып отырамыз әрдайым. Мына Володар ауылында болды. Біз тез арада оны ветстанса мекемесіне жібердік жұмыстар жүргізуге.