Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік суға түсіп кетіп, 2 адам опат болды. Ауыл іргесіндегі көпірге жақындаған көлік тайып, су арнасына құлаған. Су астына кеткен көлік жолаушыларын туыстары дереу шығарып алыпты. Бірақ жолаушылардың бірі сол жерде жан тапсырған. Ал екіншісі Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханада көз жұмды.Үшінші жолаушының да халі ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның дерегінше, көліктің жүргізушісі -дін аман. Марқұмдардың бірі -оның жұбайы. Лунара АМАНҒАЛИЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жүргізуші көктайғақтың салдарынан көліктің рөліне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соған сәйкес, тиісті сараптамалар тағайындалды. Е. Карин