БҚО-да жаңадан салынған жол жыл өтпей, қайта бүлініп жатыр

Батыс Қазақстан облысының шалғай ауданына салынған жаңа жол жыл өтпей, қайта бүлініп жатыр. Жауапты мердігер бұған басқа компанияны кінәлайды. Яғни, көрші ауылға жол салып жатқан кәсіпорынның ауыр техникасы асфальтты езіп, бүлдіріп жатқанын айтады. Ал қарсы тарап мұнымен келісе ме? Еркін Карин айтады.  Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Облыстық маңыздағы "Тасқала-Аққурай-Болашақ" тас жолының 13 шақырымы биыл салынған. Бірақ жаңа жол пайдалануға берілмей жатып, дау-жанжалға түрткі болды. Өйткені салмағы 50-60 тонналық ауыр жүк көліктері мынадай арнайы тыйым белгілерін ескермей, су жаңа асфальтті бүлдіріп жатыр. Жол салушы екі мердігердің жұмыс күні айқаймен басталады. Бірі салған жолымды бүлдірдің деп айыптаса, екіншісі мұны мойындамайды. Ал дауға түрткі болған асфальттың қалыңдығы 6 сантиметрден аспайды. Жоба бойынша қойылған талап осындай, арнайы техникаға есептелмеген, дейді мердігер. Енді күндіз-түні жүйткіген ауыр көліктің салмағына шыдамаған жол бүлініп жатыр. Былтыр салынған 50 шақырымның жартысынан астамын қайта жамап шыққан. Жарас АХМЕТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: Водительдер тыңдамайды, мекемеге сілтейді. Мекеменің бастығына сілтейді. Мекеменің бастығы управлениеге сілтейді рұқсат берілді деп. Бізде мынада осы жолға үш жыл гарантия. Үш жылдың уақытында осындай бір не болса, біз за свой счет ремонт жасау керекпіз. Енді қазір біз гарантияны снимать етеміз деп жазып жатырмыз. Айналма жолмен жүруге ерінген жүргізушілерді жөнге салуға шенеуніктердің де шамасы келер емес. Ендігі үміт - көліктік бақылау инспекциясында. Әлия ҚАБЕНОВА, БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Айналма жолмен жүруді біз олардан талап етіп отырмыз. Енді олар айтқанды тыңдамаса, менде қолдан келетін шара жоқ. Транспортный контрольға тағы да хат жазып көремін. Біздер өзіміз ұстай алмаймыз. Транспортный контрольмен рейдке де шықтық. Сол рейдке шыққан күні олар тасымайды. Басқа күндері тасиды. Біздер өзіміз қолма қол ұстай алмай отырмыз. Жасұлан ЖҰМАШЕВ, БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Келісімшарттар ұйымдастырылады ғой автомобиль жолдарын салуға. Сол уақытта Қытай мемлекетінде өндірілетін үлкен ауыр салмақты көлік құралдарын мүлдем келісімшартқа қоспау туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылды. Қазіргі уақытта бұл сұрақ ашық күйінде қалып тұр. Бұл автокөлік құралдары басқа жолды салған кезде қолданылады да, сонымен басқа жолдар бұзылу фактілері орын алуы мүмкін. Көліктік бақылау инспекциясы мердігердің шағымы бойынша жүргізген тексеру кезінде жүкті шамадан тыс тиеген бір көлікті анықтап, 300 мың теңге айыппұл салыпты. Бірақ айласын асырған мердігер инспекцияның арнайы көлігін алыстан байқап, техникасын уақытша тоқтатып қоятын болған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен түскен видеосын жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды
Өзбек боксшысы финалда қазақ боксшысын тістеп, алтын медальдан айырылды
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?