Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылы тұсындағы Самара-Шымкент тас жолының 241 шақырымында Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан. Оқиға орнында 25 жастағы Toyota жолаушысы және 56 жастағы Hyundai жолаушысы көз жұмды. Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.Қалалық көпбейінді ауруханаға 5 адам жеткізілді.