БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 27 ақпан күні Подстепный-Меловые горки автожолының 4-шақырымында Жайық өзенінен өтетін көпір маңында болған. «1993 жылғы жүргізуші Volvo жүк көлігімен 2000 жылғы жігіт айдап келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 1972 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Оған қоса ауруханаға үш адам жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлайды ведомство өкілі.