БҚО-да қарасан ауруына қарсы дәрі егілген малдар өліп жатыр

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында қарасан ауруына қарсы егілген ірі қара малы өліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.Бөрлі ауданы шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы Бақыт Далабаевтың айтуынша, мал қарасанға ұқсас белгілермен өлуде. Оның сөзіне қарағанда, мұндай жағдай тек осы Бөрлі ғана емес, облыстың басқа да аудандарында, тіпті республикада кездесіп отыр. Фермерлер белгісіз індеттен жүз шақты малдың қырылғанын айтады. Ауру мал алдымен ақсаңдап, келесі күні ісік пайда болып, құлайды.«Мұның бәрі малмен күн көріп отырған ауыл тұрғындарына қиын тиюде. Мал шығынын өтеу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар ауру мал етінің базарларға шығып кетпесіне кім кепілдік береді? Осы орайда ветеринар мамандар шындықты айтуы тиіс», - дейді Б.Далабаев. БҚО ветеринария басқармасынан түскен ақпаратқа қарағанда, Бөрлі ауданында барлығы 13 бас ірі қара төлі шығынға ұшыраған. Биылғы 4 қыркүйекте Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округіне қарасты «Руслан» шаруа қожалығында 7 бас ірі қара малы төлінің өлімі тіркелген. Сол күні ветеринар мамандар өлген 3 бас малдан материал алып, ол қарасан ауруы деген күдікпен облыстық ветеринариялық зертханаға жолданды. Алайда зерттеу қорытындысы бойынша диагноз расталмады. Басқармадан мәлім еткеніндей, сондай-ақ Қарағанды ауылдық округі тұрғындарының 7 бас ірі қара төлі ауырып, соның алтауы өліп, біреуі жазылды. Өлген малдардан патологиялық материал алынып, қарасан ауруына деген күдікпен облыстық ветеринариялық зертханаға 31 қазанда және 3 қарашада жіберілді. Зерттеу қорытындысы күтілуде. «Мал өлімінің тіркелуіне байланысты облыстық ветеринариялық инспекция және ветеринария басқармасының басшылары Бөрлі ауданына барып, ауыл шаруашылығы жануарларын қарады. Тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөрлі ауданы аумағында 3 айлық бұзаудан бастап 4 жасқа дейінгі ірі қара малдары қарасан ауруына қарсы егілген. Егу жұмыстарына «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны шығарған биопрепарат қолданылуда. Осы препараттың тиімділігін зерттеу үшін ветеринариялық инспекция мамандарымен қолданыстағы вакцина алынып, ветеринариялық ұлттық референттік орталыққа жолдануда. Эпизоотиялық ахуал толықтай ветеринар мамандарымыздың жіті бақылауында. Ауыл тұрғындары малда ауру белгілері пайда болғанда немесе өлген жағдайда дереу ветеринариялық қызметке хабарлауы керек» деп хабарлады ведомстводан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да шошқа тұмауын жұқтырудың екі жағдайы анықталды
Маймылдар шабуылы: Вьетнамнан оралған тұрғындар шұғыл екпе салды
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Доллар тағы қымбаттады
Алматыда "Бастау" кинофестивалі ашылды
Мемлекет басшысы рух деген сөзді жиі айтады – Ерлан Қошанов
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Астанада Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі талқыланды
Өзбек боксшысы финалда Абылайхан Жүсіповті тістеп алған (видео)
Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені бұзылып жатыр