БҚО-да құрылысы төрт жылға созылған жол биыл аяқталады

Батыс Қазақстан облысында төрт жылға созылған республикалық жолдың құрылысы биыл аяқталады. Облыстың ең шалғай ауданы - Бөкей Ордасымен жалғайтын жолды мердігерлер межелі мерзім ішінде салып бітіреміз деп сендіріп отыр. Хан Ордасына апарар кірме жолды салуға 1 миллиард 953 миллион теңге бөлініпті. Бөкей Ордасы еліміздің тарихында тұңғыштар мекені ретінде танымал. Алғашқы қазақ мектебі, аурухана, қыздар училищесі, баспахана, тіпті қазақ даласындағы тұңғыш банк те осында ашылды. Атақты Исатай-Махамбет батырлар да осы өлкеде бас көтерген. Жәңгір хан, дәулескер күйші Дәулеткерей де секілді тарихи тұлғалар да осында жерленді. Ұзаққа созылған жол құрылысы аяқталған соң, қойнауы тарихқа толы өлкеге ат басын бұрар туристердің көбейері анық. Бұған дейін жол азабы - көр азабы деп қиналған ауылдықтар да ақжолтай хабарды естігесін, қуанышын ірке алмады. Бауыржан ЖҰМАҒАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Ең бір шеттегі ауданбыз. Шалғай аудан. Мәдениетіміз дамыған, тұңғыштар отаны болып есептеледі аудан. Сондықтан бұл жерге көрушілер, қызығушылар, көргісі келетін адамдар бар. Мына жолды бітірсе, нұр үстіне нұр болар еді. Облыс орталығынан 500 шақырым шалғайдағы ауданға жол салу 2020 жылы басталса да, түрлі себеппен төрт жылға созылды. Мердігерлер "Өнеге-Бисен-Сайқын" автожолымен қатар, "Казталов-Жәнібек-Ресей Федерациясы шекарасы" жолы биыл салынып бітетінін жеткізді. Асылбек МАРДАН, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:Көптен бері жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарының сараптама қорытындысы шығып, жоспар бойынша 2024-жылдың аяғына дейін толықтай жұмыстар аяқталып, жолды қолданысқа берейін деп отырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күрестен Таразда өткен халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды