БҚО-да құрылысы төрт жылға созылған жол биыл аяқталады

Батыс Қазақстан облысында төрт жылға созылған республикалық жолдың құрылысы биыл аяқталады. Облыстың ең шалғай ауданы - Бөкей Ордасымен жалғайтын жолды мердігерлер межелі мерзім ішінде салып бітіреміз деп сендіріп отыр. Хан Ордасына апарар кірме жолды салуға 1 миллиард 953 миллион теңге бөлініпті. Бөкей Ордасы еліміздің тарихында тұңғыштар мекені ретінде танымал. Алғашқы қазақ мектебі, аурухана, қыздар училищесі, баспахана, тіпті қазақ даласындағы тұңғыш банк те осында ашылды. Атақты Исатай-Махамбет батырлар да осы өлкеде бас көтерген. Жәңгір хан, дәулескер күйші Дәулеткерей де секілді тарихи тұлғалар да осында жерленді. Ұзаққа созылған жол құрылысы аяқталған соң, қойнауы тарихқа толы өлкеге ат басын бұрар туристердің көбейері анық. Бұған дейін жол азабы - көр азабы деп қиналған ауылдықтар да ақжолтай хабарды естігесін, қуанышын ірке алмады. Бауыржан ЖҰМАҒАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Ең бір шеттегі ауданбыз. Шалғай аудан. Мәдениетіміз дамыған, тұңғыштар отаны болып есептеледі аудан. Сондықтан бұл жерге көрушілер, қызығушылар, көргісі келетін адамдар бар. Мына жолды бітірсе, нұр үстіне нұр болар еді. Облыс орталығынан 500 шақырым шалғайдағы ауданға жол салу 2020 жылы басталса да, түрлі себеппен төрт жылға созылды. Мердігерлер "Өнеге-Бисен-Сайқын" автожолымен қатар, "Казталов-Жәнібек-Ресей Федерациясы шекарасы" жолы биыл салынып бітетінін жеткізді. Асылбек МАРДАН, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:Көптен бері жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарының сараптама қорытындысы шығып, жоспар бойынша 2024-жылдың аяғына дейін толықтай жұмыстар аяқталып, жолды қолданысқа берейін деп отырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аймағамбетов ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адам кіргені қалай анықталғанын айтты
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
«Аппаратты өзің өшір деді» Ердос Қанаевтың әйелі марқұм ұлын есіне алды
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
"3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді естіп, ұялып отырмын". Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді
«Кім таяқ жемей жатыр». Танымал әнші халықтан кешірім сұрады
Аймағамбетов ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адам кіргені қалай анықталғанын айтты
Бакуде ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті
«Аппаратты өзің өшір деді» Ердос Қанаевтың әйелі марқұм ұлын есіне алды
"Бір пәтердің құнына жақын". Аека поштың бір образы қанша теңге тұрады?
Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек
"Уағызын сатып, әйелдерді жолынан адастырады". Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаева туралы айтты
ТЖМ тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керегін еске салды
Бүгіннен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді
Париж Олимпиадасы: Елдос Сметовтің басты қарсыласы кімдер?
Ақтөбедегі Қарғалы ауруханасында көптен күткен стационарлық орталық ашылды
Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
"Өмір қысқа": әнші Ерке Есмахан өзіне жазылатын жағымсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын айтты
Маңғыстау облысында жас жігіт суға батып кетті
Шығыстағы Апаттар медицинасы орталығы 300-ге жуық төтенше жағдайда көмектесті
"Неге ішіп алған жігіт бетімнен былшылдатып сүйе беруі керек?!" Жеңіс Ысқақова тойға қатысты ренішін айтты
Әскерилер соғыс ардагері Шәңгерей Жәнібековті ғасырлық мерейтойымен құттықтады
«Кім таяқ жемей жатыр?»: әріптесін жақтаған «Меломен» тобы әншісінің басы дауға қалды
32 млн теңге жымқырған балабақша директоры сотталды