Полиция қызметкерлері Ақсайда қызға шабуыл жасаған адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz .Қаңтар айының соңында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреу қызды бұзақылық ниетпен ұрып-соғып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын.Полиция қызметкерлерінің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде қылмысқа күдіктінің кім екенін анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты.Қылмысты ашу үшін есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, ішкі істер бөліміне күдіктіге ұқсас 38 тұлға жеткізілді.