Даладағы еріген қар суы Сырым аудандық электр тораптары бөліміне кірген. Осыдан кейін ауданды түгел электр жарығынан ажыратуға мәжбүр болыпты. Өйткені жоғары кернеулі электр желісін қысқа тұйықталып, апат болуы мүмкін еді. Қазір Сырым ауданы жарықсыз отыр. Өлеңті өзенінің арнасына сыймаған үлкен сеңдер электр бағаналарын қиратқан.Бұған дейін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында 2 тұрғын үйді су басып, 6 адам (2 отбасы, 5 ересек адам (инсульттан кейін бір мүгедек), 1 бала эвакуацияланған еді. Үйсіз қалған тұрғындарды туыстары паналатыпты.