БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жергілікті атқарушы орган тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған кәсіпкер жүгінді.Әкімдік кәсіпкерлердің пікірін ескермей, стационарлық емес сауда орындарын анықтау және орындарды анықтау бойынша конкурс өткізу туралы қаулы шығарған. Сонымен қатар, ішкі сауда Қағидаларына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар оны конкурстық негізде өткізеді. Департаменттің ұсынысымен әкімнің қаулысы жойылды. Қағидалардың талаптарын ескере отырып, жаңа қаулы әзірленуде.