БҚО-да Шыңғырлау өзені арнасынан асып, бір ауылға су кірді

Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау өзені арнасынан асып, Бөрлі ауданы Ақсу ауылында үйлерге су кірді.«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов берген мәліметке қарағанда, Шыңғырлау өзені Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылы тұсында 767 сантиметрге көтеріліп, қауіпті деңгейден (700 см) асып кетті. Сондай-ақ облыстағы басқа өзендерде де су деңгейі көтерілу үстінде. Мысалы, Деркөл өзені Бәйтерек ауданы Белес ауылы тұсында бір тәулікте 99 сантиметрге көтеріліп, 530 сантиметрге (қауіпті деңгей – 600-650 см) жетті. Сол секілді Шаған өзені Чувашин тұсында 972 сантиметр (қауіпті деңгей – 1280-1300 см) болды. Быковка өзені Құрманғазы ауылы тұсында 806 сантиметрге жоғарылап, қауіпті деңгейге (810 см) жақындап қалды. Облыстың бас өзені – Жайық Орал қаласы тұсында 41 сантиметрге (219, қауіпті шегі – 850 см) көтерілді.Сонымен қатар Казталов ауданында Қараөзен мен Сарыөзенге де су келе бастады. Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановтың айтуынша, Шыңғырлау өзенінің тасуы салдарынан кеше Ақсу ауылындағы шамамен 46 үйге су кірді. 150-дей адам мектепке эвакуацияланды. «Кеңтүбек әзірге аман. Қазіргі кезде Шыңғырлау өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Өзім су тасқынына байланысты Ақсу ауылындамын. Ақсай қаласында да еріген қар суына тосқауыл қою бағытында жұмыстар атқарылып жатыр», деді Е.Ихсанов.Еске сала кетейік, бұдан бұрын су тасқынына байланысты БҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
“Торға түскен торғай болдым“. Әнші Ляззат Байырбекова не үшін ажырасып кеткенін айтты
Құтқарушылар бір жасар балаға көмекке келді
“Нұрболханмен бекер соттасыппын“. Ләйлә Сұлтанқызы ұялатын әрекеті жайлы айтты
Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 40 адам ұсталды
«Адамды мыжып кететін байдың балаларын неге көрмейді?!»: Экс-шенеунік заңгерге жақпай қалды (ВИДЕО)
Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Жаңажылдық демалыстан кейін режимді қалай қалпына келтіруге болады?
Қостанайлық құтқарушылар азаматтарға көмек көрсетті
Төтеншеліктер сырғанау кезіндегі ережелерді еске салды
Алматыдан жолға шыққан сүт таситын көлік қар құрсауында қалып қойды
Біріккен Араб Әмірліктері авиация саласында рекорд орнатты
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды