БҚО-да Шыңғырлау өзені арнасынан асып, бір ауылға су кірді

Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау өзені арнасынан асып, Бөрлі ауданы Ақсу ауылында үйлерге су кірді.«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов берген мәліметке қарағанда, Шыңғырлау өзені Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылы тұсында 767 сантиметрге көтеріліп, қауіпті деңгейден (700 см) асып кетті. Сондай-ақ облыстағы басқа өзендерде де су деңгейі көтерілу үстінде. Мысалы, Деркөл өзені Бәйтерек ауданы Белес ауылы тұсында бір тәулікте 99 сантиметрге көтеріліп, 530 сантиметрге (қауіпті деңгей – 600-650 см) жетті. Сол секілді Шаған өзені Чувашин тұсында 972 сантиметр (қауіпті деңгей – 1280-1300 см) болды. Быковка өзені Құрманғазы ауылы тұсында 806 сантиметрге жоғарылап, қауіпті деңгейге (810 см) жақындап қалды. Облыстың бас өзені – Жайық Орал қаласы тұсында 41 сантиметрге (219, қауіпті шегі – 850 см) көтерілді.Сонымен қатар Казталов ауданында Қараөзен мен Сарыөзенге де су келе бастады. Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановтың айтуынша, Шыңғырлау өзенінің тасуы салдарынан кеше Ақсу ауылындағы шамамен 46 үйге су кірді. 150-дей адам мектепке эвакуацияланды. «Кеңтүбек әзірге аман. Қазіргі кезде Шыңғырлау өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Өзім су тасқынына байланысты Ақсу ауылындамын. Ақсай қаласында да еріген қар суына тосқауыл қою бағытында жұмыстар атқарылып жатыр», деді Е.Ихсанов.Еске сала кетейік, бұдан бұрын су тасқынына байланысты БҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада курьер сотталды
Мақсат Ахаев: Бәйге аттарын тексеру мен тасымалдау проблемасы шешілмей отыр (ВИДЕО)
«Қолайсыз метеорологиялық жағдай»: Алматы мен тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасалды
Алматыда Farabi Film Festival кинофестивалі басталды
Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік дәрігер 46 миллион теңгесінен айырылды
Қазақстандық математиктер Балқан олимпиадасына қатысады
Олжас Бектенов: Келесі міндет – Атырауды қорғау
Абайсызда кісі өлтіріп алған прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды
АҚШ Қазақстанға қару-жарақ сату талабын күшейтеді
Бишімбаев ісі: ресейлік танымал блогерлер СІМ-нен аккредитация алмаған
Жаттығу кезінде қарсыласын нокаутқа түсірген Жұмағұлов UFC-ге үн қатты
Шерхан Мұртазаның қара шаңырағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді
СІМ: Сотқа қатысуға министрліктен Собчак та, Грейс те аккредитация алған жоқ
Мамыр айында болатын өзгерістер, тыйым мен шектеулер
3D-визуалдау қазақстандықтарға болашақ жайлы мектептердің ішкі безендірілуін таңдауға көмектеседі
1 мамырда эстрада жұлдыздарының концертін қай жерден тегін көруге болады?
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтары соғысқа әкетілді ме? – СІМ жауап берді
Алматыда зорлық әрекетін жасаған күзетші 8 жылға сотталды
29 сәуір – Халықаралық би күні
Су тасқыны. Жылыойда 24 ықшам аудан тасқын судан аман қалған
Батыс Қазақстанда жағдай тұрақталып келеді
"Туысқаның жол апатына түсті". Алаяқтық схемамен жұмыс істеген курьер сотталды
Жайық өзенінде су деңгейі қауіпті көрсеткіштен асып түсті