БҚО-да су басуы мүмкін аумақтарда өзен жағасына бөгет салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы 94 елдімекенге тасқын су қауіп төндіріп тұр. Мамандардың дерегінше, мол су өңірге шамамен 15-20 сәуірде жетеді. Қазір су басуы мүмкін аумақтарда өзен жағасына бөгет салынып жатыр.  Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Қазір біз Жайық өзенінің жағасындамыз. Мамандардың айтуынша, өзеннің суының деңгейі сәт санап, сағат санап көтеріліп келеді. Кешелі бері жергілікті тұрғындардың, белсенділердің және еріктілердің ат салысуымен ауылдың іргесінен ұзындығы үш шақырымға жетеғабыл топырақтан мынадай бөгет тұрғызылды. Бұрын-соңды бұл жерде мұндай бөгет болмаған. Ал бөгеттің іргесін жігіттер мынадай құм салған қапшықпен бекіткен. Олардың айтуынша, Жайықтан ағып келген су әуелі мына қапшықтарға келіп соғылады. Өзеннің қатты арынын сәл де болса тежейді. Сөйтіп өзеннің суын ауылға еніп кетпеуіне сәл де болса мүмкіндік беріп, ұстап тұрады деген үміт бар. Жайық арнасынан асады деген хабарды естігенде үйінде жайбарақат жата алмаған шалғайдағы ауылдықтар бүгінде облыс орталығында жүр. Жаңақалалық 85 ерікті қап арқалап, жағаны бекітуге көмектесіп жатыр. Бүгін-ертең олардың қатарына басқа аудандардың да тұрғындары қосылмақ. Руслан ОРАЗАЛИНОВ, ЕРІКТІ: Мынадай жағдай, су тасқыны болып жатқасын, аз болса қол ұшымызызды берейік деп, бүгінде Жаңақала орталығынан тағы бір топ 50 шақты азаматтарымыз келді. Жан-жаққа бөлініп, қазір жұмыс атқарып жатырмыз. Қаланың іргесімен ағатын Жайықтың жағасындағы бөгеттің осал тұстары анықталған. Қазір осы аумақты биіктету жұмыстары жүргізіліп, өңірдегі арнайы техниканың бәрі жұмылдырылды. Азамат ХАЛЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерден техника кіре алмайды. 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Біздің жергілікті әскери құрам бар, одан бөлек басқа облыстардан, өңірлерден келген құтқарушы командалары осы жерде жұмыс жасап жатыр. Үйі суға кеткен мың жарым оралдық 10 эвакуациялық орталыққа орналастырылды. Қаладағы жалғыз теннис корты да қазір осындай уақытша мекенге айналды. Бұл жерді 500 адам паналай алады. Әрсен ҒҰБАШЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Орал қаласындағы коммюнити орталықтар, аула клубтары жұмыстанып отыр. Одан бөлек, мына сабаққа баратын балаларға автобуспен қатынауға арнайы автобус бөлініп отыр. Кейбір эвакуациялық орталықтарда балаларға арнайы методикалық кабинет бөлініп, сол жерде онлайн оқу үшін жағдай жасалған. Тасқын өңірдегі 94 елдімекенге қауіп төндіріп тұр. Ал бүгін Жайықтың суы 7 метр 20 сантиметрден асты. Мамандар қарғын судың бағыты мен қарқынын күн сайын әуеден барлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жыл түнінде Ақтаудағы жасанды пальма өртенді (ВИДЕО)
Жаңа жыл қарсаңында 181 бала дүниеге келді
Қазақстанда жаңа жыл түні 181 сәби дүниеге келді
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)
Тоқсанға жуық өрт өшірілді
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
Құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді