БҚО-да төрт ауданның бірнеше ауылы суға кетті

Батыс Қазақстан облысындағы бес ауданның бірнеше ауылы суға кетті. 200 үйге су кірген. Бас сауғалаған тұрғындардың қорадағы малын құтқарушылар қайықпен тасып шығарып жатыр. Жергілікті билік енді тікұшақ алдыртудың амалына кіріскен. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, өңірге бір күннің ішінде ылғалдың бір айлық мөлшері түскен. Сырым, Тасқала, Теректі және Қаратөбе аудандарында жағдай қиын. Тұрғындар ауылдағы мектептерді паналауға мәжбүр. Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұланның 100-ге жуық жауынгері жұмылдырылған. Қарғын судың кесірінен облыста 500-ден астам үй мен 15 кәсіпорын газсыз қалды. Қалияр АЙТМҰХАМБЕТОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 70 үй суға кетті. Күрделі жағдай Қаратөбе ауданында қалыптасып жатыр. Аққозы ауылдық округі, 130 шақты үйі бар, 600-ден астам халқы бар. Сол соңғы ақпараттар бойынша қазір судың астында. Кісілердің бәрін мектеп ғимаратына эвакуация жасап жатыр. Қазір вертолет мәселесі ме, басқа мәселе ме, қазір қарастырамыз қайықпен көшіре ме мысалы. Қалада да жағдай мәз емес. Техникалық сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқынға дайын болмағаны үшін шаһар басшысына қатаң сөгіс жариялады. Өйткені, қала әкімдігі, қалалық сот, темір жол вокзалы, қазынашылық, облыстық балалар ауруханасы мен мектептің жертөлесіне дейін су кірген. Фарида, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізге 22-наурызда сағат 19.15-те үйге су кірді. Содан бері міне алысып жатырмыз. Полдың асты түгел судан толып тұр. Жан-жағымызда су кететін ешқандай арық жоқ. Көмек аз болып жатыр. Су соратын мүмкіндік жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жұмысшы мамандықтары жылы: Елімізде қандай шаралар ұйымдастырылады?
Жарты жылдай уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адам Жайық өзеніне көлігімен бірге батып кеткен
Сарыағашта екі жас жігіт көлікті қызық үшін ұрлап кеткен
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды