БҚО-да Ұлттық мереке қарсаңында 10 жаңа автобус желіге қосылды

25  –   Қазан Республика күні  қарсаңында Орал  қаласында "Батыс Қазақстан автобус паркі" кәсіпорны  "Ютонг" маркалі 10 автобуспен толықты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қалалық автопарктердің  материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен қомақты қаражат қарастырылып келе жатқанын атап өткен  қала әкімі соңғы  екі жыл ішінде жүзден аса автобус жаңарғанын тілге тиек етті.  "Орал қаласында күніне 250 қоғамдық көлік желіге шығады. Алдағы үш-төрт жылдың ішінде жалпы шаһардағы барлық автобустарды жаңарту жоспарланған.  Осы бағытта облыс әкімінің тікелей қолдауымен жыл сайын облыстық бюджеттен қаржы қарастырылады. Бұл мақсатқа биылғы жылдан бастап  5,2  миллиард қаражат бөлінсе, алдағы жылы да жоспарлы жұмыстар жалғасады. Сондықтан қоғамдық көліктер халықтың игілігіне жарасын  деген ниеттеміз. Тұрғындардың  жағдайын жақсарту мақсатында қала жолдарын, аялдамаларды, қоғамдық көліктерді жаңғыртып, өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді", – деді Миржан Мұнайдарұлы.  "Батыс Қазақстан автобус паркі" ЖШС  бас директоры Диас Жәнібековтың берген мәліметіне қарағанда  кәсіпорын  Орал қаласының ең ірі және озық тасымалдаушысы саналады. Аталмыш базада 450-ден аса қызметкер еңбек етеді. 102 қалалық, 19 қалааралық автобус жолаушыларды тасымалдайды. Кәсіпорын базасында жүргізушілер мен кондукторларға жұмыс ауысымынан кейін тынығатын арнайы жатақхана  да бар. Жолаушыларға лайықталған жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылады. Сондай-ақ  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, электронды табло және бейнекамералармен жасақталған.Белгілі болғанындай Орал шаһарында  автобус жүргізушілерінің алатын айлық жалақысы орта есеппен 350-380 мың теңгені құрайды. Алайда, соған қарамастан, күні бүгінге дейін Оралда қоғамдық көлік жүргізетін тəжірибелі жүргізушілер тапшы. Соның салдарынан автобусың саны көбейгенімен, оны жүргізетін адамдар жетіспейді.   

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты