БҚО-да университеттің ғылыми қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлеріне қатысты қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек болған."Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған", - дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.Құзырлы орган прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатқанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды