БҚО-дағы тікұшақ апатынан тірі қалған екі адамның жағдайы қалай?

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан тірі қалған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова хабарлады. Тікұшақ апатынан төрт адам опат болып, 62 және 36 жастағы екі ер адам зардап шеккен. Дәрігерлер тірі қалған екі жолаушының да бас пен мидың жабық жарақатын алғанын, миы шайқалғанын анықтады. Қазір олар қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Жағдайлары тұрақты.Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада тікұшақтың жерге қатты қонғаны, қатты екпінімен жерге соғылғаны айтылған. ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл тікұшақтың құтқару операциясына қатыспағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "Қазавиақұтқару" тікұшағы БҚО аумағындағы магистральдық мұнай құбырын шолып, қарау кезінде апатқа ұшыраған. Азаматтық авиация комитеті апаттан қаза тапқан азаматтардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жыл жетістігі: Шымкентте 552 отбасына тұрғын үй сертификаты берілді
Ақтөбе облысында 156 шахтер мен қызметкерге жалақы төленбей жүрген
Ұшақ апаты: Әшімбаев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды