БҚО-дағы Ұзынкөл су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келеді

Бүгін вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды.Вице-премьер өңірдегі негізгі су арнасы – Жайық өзенінде су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағасы құм салынған қаптармен нығайтылып, ауыр техникалар жұмыс істеп жатыр. Еске сала кетейік, Ресейдің Батыс Қазақстан облысына жақын орналасқан Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан үлкен су келіп жатыр. Атап айтқанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 300 текше метр су келіп жатыр. Сондай-ақ Орынбордағы Ирикла су қоймасынан секундына 2 мың текше метрге жуық су жіберілуде. Бұл су жақын арада Жайық өзені арқылы өтіп, әрі қарай Каспий теңізіне құйылады. Осыған байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі қалаға қауіп төндіретін деңгейге жетуі мүмкін. Сонымен қатар Теректі ауданындағы Ұзынкөл су қоймасы тексерілді. Мұндағы жағдай қалыпты, су деңгейі төмендеп келеді. Мамандар жағдайды үнемі бақылауда ұстауы керек. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі, — деді Премьер-Министрдің орынбасары. БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды. Эвакуациялық пункттерде барлық қажетті жағдай қамтамасыз етілген, су тасқынынан зардап шеккендерге мыңдаған ерікті көмек көрсетуде. Халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім-кешек тасымалы, сондай-ақ кезекшілік ұйымдастырылған. Оқушылар онлайн-форматта оқуын жалғастыруда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
4 қаңтардағы доллар бағамы жарияланды
Жаңа жылдан бастап медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді
Оралда колледж студенті өлі табылды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді