БҚО экологиясын ластаған компанияға айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан КПО б.в (КыПыО биви) компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды. Экологтар кәсіпорынды зиянды қалдықтарды шектен тыс мөлшерде төккені үшін айыптап отыр. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру кезінде компанияның қоршаған ортаның тазалығын сақтау талабын белден басқаны анықталды. Тұрмыстық шайынды су құйылатын тоғанды түрлі зиянды химиялық заттармен толтырған. Мұның ішінде 230 тонна хлорид, нитрат пен өзге де зиянды тұздар бар. Бір қызығы, компания өкілдері экологтардың айыбымен келіспей, сотқа жүгініпті. Әлішер УӘЛИЕВ, БҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Тексеру кезінде КПО бв.в компаниясы Экологиялық Кодекстің 39 және 216-баптарының талабын бұзғаны анықталды. Олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды шекті мөлшерден асырып жіберген. Айыппұл көлемі 50 миллион теңге. Бірақ компания тексеру нәтижесімен келіспегендіктен, бұл дау сотта шешіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысы 63 елге өнім экспорттайды - Марат Сұлтанғазиев
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Халық қатысатын бюджет: Алматының Алмалы ауданында қандай жобалар іске асты
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді