БҚО көлік өткізу бекетінде пияз тиелген 23 жүк көлігі тоқтатылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды ел аумағынан шығаруға тыйым салды. Үш айға созылар бұл шектеудің енгізілуін жауапты орган өкілдері отандық өнімге сұраныстың артуымен байланыстырады. Өйткені Пәкістандағы су тасқынына байланысты, әлем елдерінің пиязға сұранысы күшейген. Осыған қарамастан, пиязды ауыр жүк көлігімен шекара асырғандар да табылды. Дегенмен олардың бұл әрекетіне тосқауыл қойылды. Әрі қарай өңірлердегі тілшілеріміз тарқатады.Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Министрліктің пәрменінен кейін ел аумағындағы шекара бекеттерінде тексеру күшейтілді. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы көлік өткізу бекетінде 23 жүк көлігі тоқтатылды. Оларды тексергенде пияз тиелгені анықталды. Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде Шымкент қаласынан және Жамбыл, Түркістан облыстарынан пиязды тасымалдаған 23 ауыр автокөлік құралының шығуына жол берілмеді. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне тыйым салынғаны туралы хабарланды. Енді бұл тауар жөнелтушілерге кері қайтарылады немесе еліміздің басқа өңірлерінде сатуға шығарылуы мүмкін. Ал базардағы баға біраз өзгерген. Күздегі бағаммен салыстырғанда пияз 100 теңге қымбаттапты. Қазір келісі 220 теңгеден сатылып жатыр. Еркін КАРИН ТІЛШІ: Кәсіпкерлер мұны Пәкістандағы алапат су тасқынымен байланыстырады. Бұған дейін елімізге пияз Пәкістан мен Тәжікстаннан тасымалданса, қазір керісінше олар сатып алып жатыр. Дегенмен, экспортқа тыйым салынғандықтан, бағаның қайта арзандауы мүмкін. Сондықтан, пиязды қапшықтап сатып алуға асықпаған абзал. Ал Қостанайдағы ахуал туралы әріптесім Заңғар Санай баяндайды. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Ал Қостанайда пияздың бағасы бір аптада 50 теңгеге өскен. Кейбір дүкендерде келісі 300 теңгеден сатылуда.Өзге де көкөніс құны көтеріліп жатыр,- дейді көпшілік. БЛИЦ: - Бәрі қымбаттап жатыр. Мінекей мен қонақ шақырайын деп дайындалып жүрмін. Бағалары удай. - Қиярдың бағасы 800-900 болды жаңа жылға дейін. Енді санап көрсеңіз 40 процентке көтеріліп кетті. 2200 теңгеден сатып жатырмын қиярды. Алыпсатарлар қоса береді ғой. Содан қымбаттайды деп ойлаймын. - Соңғы рет пиязды алғанда 250 теңге болды. Қазір қанша екенін білмедім. Ал помидор дегеннің бағасы шырқырап тұр. Ала бермейміз оны. Құны шарықтап кеткен пияз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінде. Жекелеген базарлар мен дүкен сатушылары бағаны көтергені байқалады. Бірақ,тапшылық жоқ. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қоймасында 300 тоннасы бар дейді билік өкілдері. Әсет ӘЛМҰХАН, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Пияз және өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарлар алынады. Қала бойынша 350 әлеуметтік сөрелер бар.Бүгінгі күнде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша ешқандай пролблема жоқ. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Жұрттың жағасын ұстатқан жуаның бағасы жуық арада төмендейді деп сендірді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің маманы.Бүгіннен бастап әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация пияздың келісін 145 теңгеден береді. Сөйтіп қаладағы ірі сауда орындарында арзан өнім сатылымға шыға бастайды. Корпорация белгілеген баға сол қалпында қалады. Қосымша құн қосылмайды. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
14 жасар қазақстандық теннисші Еуропадағы "Жылдың ұздік ойыншысы" атанды
Танымал жас әнші Sadraddin астаналықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті