Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір осы істі тергеп жатыр. Инспекцияның үш қызметкері РФ астықты шамадан тыс тиеген ауыр жүк көліктерін «Самара-Шымкент» автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өткізген. Осы “көмегі” үшін олар бірнеше рет пара алыпты.ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды. Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процесстік іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.