БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 5-басқармасы бірлесіп "Браконьер" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.Қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция ағымдағы жылдың 1 наурызында жүргізілді. Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. - ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қ.ПБ-ға жеткізілді (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу). Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеудің қалған мән жайлары жария етілмейді.