БҚО шаруалар киіктен зардап шегіп отыр

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында шаруалардың жағдайы мәз емес. Қуаңшылық салдарынан биыл шөптің шығымы нашар, оның өзін жер қайыстырған қалың киік отап кеткен. Қазір шабындық түгілі мал жайылатын жер жоқ. Бұл кадрлар жуырда ғана, Казталов ауданы Көктерек ауылында түсірілген. Шаруалар шабындықтың жайын айтып шағымданды. Даланы киіктер тып-типыл еткен. Бөкей Ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарында да жағдай осындай. Шабындық түгілі жайылым жоқ,-дейді. Ақылбек САҒИТОВ, БҚО ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Киіктен зардап шегіп жатқан шаруаларымыз көп. Компенсация мәселесін бірнеше қайтара көтергенбіз. Екі министрлікке де айтқан болатынбыз. Әрине биылғы біздің айтып жатырған өтемақымыз шаруалардың түбегейлі мәселесін шешпейді, Неге десеңіз биылдың өзінде киіктің саны шамадан тыс көп болып тұр ғой. Келесі жылы ол төлдейді, одан сайын көбейеді. Мамандардың мәлімдеуінше, облыста киік көбейді деген жылдардың өзінде 500 мыңнан аспаған. Ал қазір екі жарым миллионға жетіп қалды. Көбейгені сонша қалаға дейін келіп, астықты алқаптарға ауыз салып жатыр. Диқандар егісті қоршап, ор қазып та көрген. Бірақ одан пайда жоқ. Самат ХАСАНОВ, ДИҚАН: Мал азығын даярлау мақсатында егістік егіп жатырмыз жаңбырлату бағытында. Сол жерлерге электробақташымен қоршадық. Ол электропастухпен қошаған бізге пайда бермей тұр. Сеткамен қоршау керек болып тұр. Сеткамен қоршағанда үкіметтен субсидия төлесе екен дейміз. Биыл облыс шаруаларына киіктен келген залал 8 миллиард теңгеге жуықтайды. Комиссия осындай ұйғарымға келді. Ақбөкендер 1 миллион 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кеткен. Қазір тиісті есеп-қисап жоғарыға жіберілді. Бірақ олардың санын тез арада реттемесе, алдағы жылдары киіктен келер шығын одан да көп болмақ. Киікті аулап, оның етін өңдеуге, сауда сөрелеріне шығаруға өңір кәсіпорындарының әлеуеті жеткілікті, дейді сала басшылары. Наурызбай ҚАРАҒОЙШИН, БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сол өзінің аумағына жақын 3 ет комбинаттары, қазір солармен әзірліктері пысықталуда. Бұл үш комбинат тәулігіне 1900 басқа дейін соя алатын мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Тоңазытқыш камералары 4 мың тонналық істеп тұрған қазір. Бұл Жаңақаладағы ет тоңазыту комбинаты және Ақжайық ауданында орналасқан ет сою орны. Енді оның ар жағында өңдеу жұмыстары Кублей. Ертең бұл басталған уақытта сонда өңделетін болады. Мамандардың мәлімдеуінше жануарлардың санын реттеп отыру әлемдік тәжірибеде бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді