БҚО тұрғындары оңалту орталығында емделуді жеңілдетуді сұрайды

Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы ауданының тұрғындары оңалту орталығына жете алмай отыр. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының мобильді қабылдауы кезінде көтерілді. Көршілес Жаңақала ауданындағы оңалту орталығы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қарайды. Ал қор өкілдері мұнда келушілерді ауру түріне байланысты іріктеген. Осының кесірінен өңірдегі «Азғыр мен «Капустин Яр» әскери сынақ полигондарынан зардап шеккендер емделе алмай жүр, дейді бөкейордалықтар. Мысалы, биыл МӘМС-тің талабына сай келген тек 13 адам, былтыр 64 тұрғын ғана тыныққан. Ауылдықтарды алаламау үшін сауықтыру орталығының жарғысын өзгерту керек. Бұл үшін «әскери сынақ полигонынан зардап шеккендерді оңалтуға болады» деген бір ауыз сөз қосса жеткілікті. Сонда мүгедектер ғана емес, зейнеткерлер де тегін ем алар еді, дейді тұрғындар.Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ, БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің аудан бойынша 1506 зейнеткер бар, 551 мүмкіншілігі шектеулі адам бар, 2 мыңға тарт адам бар. Олар - қоғамның ең әлжуаз топтары. Олар Түркияға, Анталияға, Сарыағашқа барып демала алмайды. Себебі өте қымбат. Сондықтан зейнеткерлер демалатын бір орын болуы керек. «AMANAT» партиясының мобильді қабылдауы кезінде Жәнібек пен Бөкей Ордасы ауданының халқы әлеуметтік мәселелердің шешім таппай жатқанын жеткізді. 30 мыңға тарта тұрғыны бар екі аудан үшін оқушылардың жазғы демалыс орнын ашу, ауыз сумен қамту және ауданның экологиялық ахуалы маңызды. Гауһар ШАЙХИНИЯЗОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бірнеше күн жүріп, ауылдықтардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың базынасын тыңдап қайттық. Енді осы тұрғындардың өтініштерінің оң шешілуіне ықпал жасау үшін жұмыстанатын боламыз. Себебі біздің «AMANAT» партиясы үшін әр ауыл тұрғынының, әр тұрғынның базынасы, мұң-мұқтажы маңызды, оны орындау басты орында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты
АҚШ-та TikTok бұғатталды
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Беті бері қарады: сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты тың дерек айтылды
АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды
АШМ: Картопты үшінші елдерге әкету 6 айға шектелді
Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді
Картоп бағасының неге қымбаттап кеткені белгілі болды
Көкшетауда емделушінің әкесі дәрігерге жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)
Қазақстанда картоп экспортына шектеу енгізіледі
Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда картоп бағасы қымбаттады: үкімет не дейді?
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Павлодарда 29 жастағы әке балаларына 4,5 миллион теңге қарыз