БҚО тұрғындары өзен алқабындағы ормандарды сақтап қалуды сұрап отыр

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары өзен алқабындағы орман-тоғайды сақтап қалуды сұрап отыр. Олар жергілікті биліктен күдер үзгендерін айтады. Тұрғындардың ашулануына сирек кездесетін ағаштар өсетін аумақтан құрылысқа қажетті топырақ өндіретін кеніштің ашылуы түрткі болыпты.Құрылысқа қажетті құм мен топырақ өндіретін карьер ашуды көздеген кәсіпкер өзен жағасынан 18 гектар жер алған. Бұған қарсы шыққан халыққа экологтар мен қоғам белсенділері де қосылды. Тұрғындар осы орманға малын жайғаны үшін айыппұлдан көз ашпайтынын айтады. Евгения МАКСИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жергілікті тұрғындар карьерге қарсы. Өйткені олардың бұл жерде мал жаюына рұқсат берілмеген. Бірақ орманды отауға қарсы емес. Халық осыған түсінбейді. Енді тұрғындар петиция жазып, өзен сағасындағы тоғайларда шаруашылық ашуға мораторий енгізуді сұрамақ ниетте. Өйткені аз уақыттың өзі табиғатқа үлкен көмек. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Тұрғындардың айтуынша, қазылған аумақ алып шұңқырға айналып, алынған құм мен топырақтың орны құрылыс қалдықтарымен толтырылады. Бұдан табиғатқа келетін шығын орасан. Өйткені бұл аумақта көпжылдық ағаштар мен сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Бұл дау кейін сотта жалғасып, ақырында кеніш ашуға келісім берілген. Шенеуніктер мұны заңға сай деп отыр. Алтын ТҰРАЛИЕВА, БҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 18 гектар жердегі карьерді өндіруге түскен өтініш бойынша олар судебный жұмыстарының бәрі аяқталды бүгінгі күнде. Екі жақ та бітімге келді. Талапкер өзінің талаптарынан бас тартады, жауапкер - «Орал» мемлекеттік мекемесі жер пайдалану актісін келісімдеп беруге келіскен болатын. Бүгінгі таңда бұл талаптардың бәрі орындалды. Экологтардың айтуынша, кеніш қазылған жер құнарынан айрылып, өзен суалады. Ал мұның соңы экологиялық апатқа тіреледі, дейді. Дархан САРИЕВ, БҚО ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Жайық» резерватын құру туралы шешімін қолдаймыз. Өйткені табиғат қорғау аймағындағы көптеген орман-тоғайлар бүгінде жекенің меншігіне өтіп кеткен. Сондықтан оларды тексеріп, кері қайтару керек. Егер біз онсыз да аз орманнан айрылсақ, жеріміз қу тақырға айналады. Сондықтан, өзен алқабындағы барлық орман-тоғайға айрықша қорғалатын аумақ мәртебесі берілуі тиіс. Дегенмен, өңірде орманға балта сілтегендер азаяр емес. Былтырдың өзінде осындай 850 дерек анықталып, 1 миллион теңгедей айыппұл салынған. Сарапшылар мұны болдырмау үшін заңды күшейтіп, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейді. Е. Карин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды