АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен 2023 жылғы 28 ақпанда Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.АҚШ Мемлекеттік департаменті пулының журналисі Иэн Марлоудың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, ұшақ Астанаға түнде қонды. "Біз Энтони Джон Блинкеннің Орталық Азия мен Үндістанға сапары аясында (G20 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне) Астанаға келіп (Қазақстан) қондық", деп жазды Иэн Марлоу.